жаналыктар
-
08.10.2026
САХНАМЕН ӨРІЛГЕН 65 ЖЫЛ
Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Жібек Бағысованың туған күні!
-
08.10.2026
ШАХМЕТ ҚҰСАЙЫНОВ ТЕАТРЫ ХХХ МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН
Opened by Mar Baizhiev's comedy
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
08.10.2026
САХНАМЕН ӨРІЛГЕН 65 ЖЫЛ
САХНАМЕН ӨРІЛГЕН 65 ЖЫЛ
Бүгін — Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ақ жаулықты актрисасы Жібек Бағысованың туған күні!
Ардақты Жібек апамыз 86 жасын театрдың 30-маусымының ашылуымен тұспа-тұс сахнада қарсы алып отыр. Бұл — өнерге адал ғұмырдың, сахнаға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
65 жыл ғұмырын сахнаға арнап, өнері мен өмірін егіз санаған сахна саңлағына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз!
Жібек апа, сахнаңыздың шырағы сөнбесін, өнеріңіз өрісті болсын!