жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Касса

Құрметті көрермендер!

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры билеттерді сатып алудың келесі түрлерін ұсынады:

1. Билетті театр кассасында сатып алу.

Театр кассасы сағ.10:00-ден 19:00-ге дейін, жексенбі күні сағ. 12.00-ден 17.00.-ге дейін жұмыс істейді. Үзіліс сағ. 13.30-нан 15.00.-ге дейін. Демалысдүйсенбі.

Касса театрдың басты кіру есігінен оң жағында орналасқан .

Театр кассасының телефон номері: (7162) 40-13-27

Театр вахтасының телефон номері: (7162) 25-43-10

2. Билеттерге телефон арқылы тапсырыс беру

Билеттерге күнделікті сағ. 10:00-ден 19:00-ге дейін (7162) 40-13-27 телефоны арқылы тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс берген билеттеріңізді Сіз театрдың кассасында тапсырыс беру сәтінен бастап үш күннің ішінде өтеп алуыңыз немесе билеттерді үйге жеткізіп салуға тапсырыс беруіңіз қажет. Билеттерді жеткізіп салу, олардың саны 5-тен кем емес болған жағдайда іске асырылады.

3. Билеттерге сайтта (он-лайн режимінде) тапсырыс беру.

Билеттерге театр сайтында тапсырыс беру үшін Сізге қажет

Билеттердің төлемін өтеу әдістері:

1.Егер Сіз билетті театр кассасында сатып алсаңыз,онда төлемін ақшалай өтейсіз.

2.Егер Сіз билетке үйге жеткізіп салу арқылы тапсырыс берсеңіз, онда тапсырыстың төлемін тек қана ақшамен өтей аласыз.

3.Сайтта билеттердің төлемін тек ақшалай іске асыруға болады. Билеттерге тапсырыс бергеннен кейін театр әкімшілері тапсырыс беруді растау үшін Сіздермен байланысқа шығады. Одан кейін Сіз театр кассасына келіп билеттерді өтеп алуыңыз немесе билеттерді үйге (офиске) жеткізіп салуға тапсырыс беруіңіз қажет. Билеттерді жеткізіп салу, олардың саны 5-тен кем емес болған жағдайда іске асырылады.

Алдын ала тапсырыс берудің жойылу мерзімі оны ресімдеуден 72 сағат өткен соң.

Театрдың әкімшілік қызметі себебін түсіндірместен төлемі өтелмеген тапсырысты жоюға құқығы бар.

Спектакльге билеттерді сатып алу кезінде Сіз «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына келу Ережелерімен» келісесіз.

Спектакльдерге билеттердің бағасы:

Премьера күндері ересектерге – 1000 теңге;

Жай күндері ересектерге – 800 теңге;

Балаларға – 500 теңге.

Cпектакльдердің басталатын уақыты:

Таңертеңгі спектакльдердің басталуы сағ. 10.00, 12.00.

Кешкі спектакльдердің басталуы сағ. 17.00 (жексенбі), 18.30 (сәрсенбі,бейсенбі).

Туындаған барлық сауалдарыңызды (7162) 40-13-27 номеріне хабарласып қоя аласыз немесе кері байланыс Нысанын пайдалана аласыз.