жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Мәскеудегі Театр Одақтарының Халықаралық Конфедерациясының (МКТС) «ТМД және Балтық елдері жас театр қайраткерлерінің байқауы»
2011 жылы Мәскеудегі Театр Одақтарының Халықаралық Конфедерациясының (МКТС) «ТМД және Балтық елдері жас театр қайраткерлерінің байқауы» аясында Қазақстан театрлары жас режиссерларының жұмыстары ішінен 2 қойылым таңдап алынып, соның бірі театр репертуарындағы С.Раевтың «О, Қыздар!» драмасы (реж.Ф.Қанафин) мамыр айында Көкшетау қаласында Мәскеу қаласынан келген белді сахна мамандарынан құралған эксперттік комиссияға көрсетілді. Украина елінің Қырым автономиялық республикасында өткен Антикалық өнердің ХІІІ «Боспорские агоны» Халықаралық театр фестиваліне А.Камюдің «Калигула» тарихи трагедиясымен (реж.Қ.Қасымов) қатысып, «Классиканы жоғары дәрежеде сахналағаны үшін» номинациясын және «Ника Боспорская» статуэткасын жеңіп алды. Мәскеулік және Украинаның беделді сахна шеберлері мен сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болған Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры Тәуелсіздік алғалы бері қазақ елі атынан, Азия, мұсылман елдері арасынан тұңғыш қатысқан театр болды.