жаналыктар
-
17.09.2025
"BIKEN FEST" III халықаралық театр фестивалі
"ЕҢ ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ" номинациясы, Төлеубек Қөңбай марапаталды
-
15.09.2025
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы»
Жалпыөңірлік кастинг, Көкшетауда өтті
-
11.09.2025
ОТБАСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – МЕЙІРІМ!
Д.Биссетің "Опа-топа" ертегісі ұсынылды.
-
08.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Жолдауында еліміздің алдағы кезеңдегі даму бағытын айқындайтын негізгі бастамалар мен тезистер айтылады.




ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ АУДАНДАРҒА ГАСТРОЛЬМЕН БАРДЫ!

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры 8,9 - маусым күндері Ақмола облысының Есіл, Жақсы аудандарына гастрольдік сапармен барды. Театр ұжымы ересек көрмен назарына Людмила Разумовскаяның "Емтихан" драмасын (реж.Тасқын Мажитов) кішкентай көрермендерге арнап В.Орловтың "Алтын балапан" ертегісін ойнады, (реж. Болат Абдрахманов)
Бұл жолғы іс - сапар Акмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігімен бірлесе ұйымдастырылды. Басты мақсат жас ұрпақ бойындағы адами құндылықтарды құнарландырып, парасат пайымы жоғары, адал ұрпақ қалыптастыру. Не ексең соны орасың дейді дана халқымыз. Театр – руханиияттың алтын ордасы, тағылым мен танымның биік тұғыры. Қоғамда белең алған келеңсіздіктерді көрермен назарына бүкпесіз ұсынған ұжым өнерге құштар, өресі биік жандардың ыстық ықыласына бөленді.
Театр ұжымын зор қонақжайлықпен қарсы алып, көрерменмен қауышуға ат салысқан Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Еркешұлына, Есіл ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Бейбітгүл Байғалымқызына, Жақсы ауданының әкімі Амангүл Аманжолқызына, Жақсы ауданының Мәдениет бөлім басшысы Асель Маратқызына алғыс білдіреміз. Адамдықтың ақ туын биік ұстайтын, жамандыққа жаны қас жас ұрақ көп болсын!