жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Қайрат Мамытұлы Мырзаболатов

драма актері

Театрдың негізін қалаушылардың  бірі Кайрат Мырзаболатов  1995 жылы Т. Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. Кәсіби сахнаға шыққан алғашқы ролі «Ақан сері - Ақтоқтыда»  Қоңқай арқылы өзінің  табиғи мүмкіндігінен  хабардар еткен  жас актер кейінгі қойылымдардың барлығында дерлік басты рольдерді ойнап келеді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудағы» - Қарабай образы театр сүйер  қауымды елең еткізген.  Режиссердің  қойған талабына  сай ізденіп , образдың  ішкі-сыртқы  мінездемесін  шебер тауып,  қайталанбас кейіпкерлер  галереясын жасап келеді.  Қимыл-қозғалысы сымбатты, даусы әуенділігімен ерекшеленеді. Әркез өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отырады.

         В.Шекспирдің «Король Лир» драмасындағы Лир бейнесінің сәтті сомдалуы актердің шеберлік қырының айқын  көрінісі бола білді.  Әлемдік классикалық шығармаларда  жарқырап  көрінуде актерлардың аз тер төкпейтіні белгілі. Шындығына келгенде актердың құдіреті оның жасаған образының  һәм ролінің шынайылағанда. Қ.Мырзаболатов Сәкен Жүнісовтің «Абылай» драмасында  Қалдан  Церенді де өз деңгейінде алып шықты.

Актер кейіпкердің ішкі жандүниесіне терең үңілуге құштар және психологиялық күйдің алуан түрлілігіне баса көңіл аударады. Бұл әсіресе И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында», Қ.Ысқақов пен Шаһимарданның  «Мазарында» сомдаған басты ролдерде көрініс тауып жатты.

  

Ж. Мусин  атындағы педагогикалық колледжде сабақ беріп, жас ұрпақты өнерге баулып, рухани дем беріп жүрген талапты ұстаз. Ұжымда сыйлы.

   2000 жылы Республикалық  «Шабыт-Миллениум» фестивалінің лауреаты атанды.Қайрат басты роль ойнайтын А.Камюдың “Калигула”спектаклі 2011 жылы маусым айында Украйнаның Қырым республикасында откен “Боспорские агоны” Халықаралық театр фестиваліне қатысып,”Классиканы жоғары дәрежеде сахналағаны үшін”номинациясы мен Ника Босфорская статуэткасына ие болды.

  2006 жылы наурыз айында Мәдениет қайраткері белгісін иеленді. 2006 жылы Ақмола облысының әкімінің құрмет грамотасымен, ал 2004, 2010 жылы Ақмола облысының мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды, 2010 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының құрмет грамотасын алды.

Ойнаған рольдері:

•«Құдалық» - Стакан
•«Қожанасыр» - Хан
•«Алдар Көсе» Сыдақ
•«Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Қасым
•«Біржан сал» - Жарбол
•«Ақан сері- Ақтоқты» - Қонқай
•«Шығыс хикаялары» - Қасым
•«Келіндер көтерілісі» - Кемел
•«Мұрагерлер» - Солдат
•«Қорқақ көжек» - Күшік
•«Он екі ай» -Қаңтар
•«Ревизор» - Лука Лукич
•«Король Лир» - Лир
•«Ғасырдан да ұзақ күн» - ІІ –космонавт
•«Отыз тістен шыққан сөз» -Ата
•«Ақнұр» - Сәт
•«Вестсайд оқиғасы» - Бернардо
•«Үйлену» - Жевакин
•«Ер Төстік» - Бабы хан
•«Абылай» -Ораз, Қалдан Церен, Бұхар жырау
•«Үміт» - Алқаш
•«Атау кере» - Таған.
•«Ең әдемі келіншек» - Жиенбай
•«Империядағы кеш» - Сұлтанбек
•«Махамбет» - Исатай
•«Мезгілсіз махаббат» - Рақым
•«Калигула» - Калигула
•«Сыған серенадасы» - Шәмші
•«Ар және ақша» - Дөйт
•«Тыныштық күзетшісі» - Ормантай
•«Бұлтты түнгі толған ай» - Байбек
•«Анамның ақ көйлегі» - Ынсап
•«Хан-Абылай» - Кәбін т.б.