жаналыктар
-
22.12.2025
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"ҒАЖАЙЫП ШЫРША" ертегісі, Авторы: Болат Ұзақов Қоюшы режиссері: Медет Хамзин
-
16.12.2025
«Құдіретті поэзия» айдары
"ЖЕЛТОҚСАН АЛАҢЫ" Авторы: Мұхтар Шаханов
-
12.12.2025
Гастрольдік сапар
Бұрабай ауданы Щучинск қ.
-
11.12.2025
“Мировозренческие истоки казахского театра” атты баяндаманы Мәскеудегі өнер иститутында (ГИТИС)
Оқыған:Загир Исмагилов атындағы өнер институтының 2 курс студенті Қарлығаш Абдрахманова
ТӨЛЕУБЕК КӨҢБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбайұлының 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық апталығы "ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІРІМ" атты бенефис-шоу концертімен басталды. Бенефис барысында театр фойесінде Төлеубек Көңбайұлының өмірімен шығармашылығы жайлы шағын деректі фильм көрсетілсе, сырлы сахнада әдемі әзіл мен әсем ән айтылып көрерменге шат көңілкүй сыйлады.
Кеш соңында Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы, театр басшысы Жарас Шотбекұлы, Халық артисі Жібек Бағысова, қоғам қайраткері, жазушы - драматург Жабал Ерғалиев сынды ел ағалары сөз сөйлеп, ақ тілектерін жолдады.
Сондай - ақ Төлеубек Көңбайұлы театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін кәсіподақ атынан "ЕҢБЕК ДАҢҚЫ" төс белгісімен марапатталды. Әріптесімізді мерейлі мерекесімен және кезекті марапаттымен құттықтаймыз!
Қымбатты көрермен!
Төлеубек Көңбайұлының 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық апталық аясында 21 - ші ақпан күні 18:30 - да "ТАРТЮФ" комедиясын, (Авторы: Жан Батист Мольер, қоюшы режиссері: Барзу Абдураззаков) 24 - ші ақпан күні "КИОТОҒА ЖОЛ" қойылымының премьерасын тамашалай аласыздар. Авторы: Мырза Ғапаров, Ғазиза Ғапарова, қоюшы режиссері Баатрбек Шамбетов. Баршаңызды театрда күтеміз жаны жайсаң көрермен!




