жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Сыған серенадасы

музыкалық драма ONLINE Сыған серенадасы
Автор - И. Сапарбай
Сыған серенадасы музыкалық драма
 Қоюшы режиссер –Тілеген Ахметов
 Қоюшы суретшісі –Мұрат Мақсұтұлы ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 Музыкамен көркемдеген -  Арман Ишанов
 Биін қойған-   Эвелина  Кешишиди
Театрдың көркемдік жетекшісі- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шәмші -   Қайрат  Мырзаболатов Республикалық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері белгісінің иегері 
Ақан сері – Жарас Қалдаров Республикалық театр фестивальдерінің лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері белгісінің иегері 
Изольда -  Айна  Жүнісова
ҚР Мәдениет қайраткері белгісінің иегері
Барон  - Төлеубек   Қонбай Республикалық «Шабыт» фестивалінің лауреаты,
ҚР Мәдениет қайраткері белгісінің иегері
 Алеко -   Дархан Қасенов
 Ана  – Зафура Арзымбетова
 Сағыныш – Ғалия Тәшенова
 
И.Сапарбайдың пьесасы бойынша  «Сыған серенадасы» спектаклінде, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен   қас қағым сәт баяндалады.  Консерваторияда оқып жүрген жерінен қуылып, жатаханадан шығарылған Шәмші көшеде Изольда атты сыған қызына кездесіп, сыған таборында өткізген бір күні жайлы баяндалады. Сығандардың азат, еркін өмірін өз көзімен көріп, сезініп, ән-биін тыңдаған Шәмші шабытқа бөленіп «Сыған серенадасы» әнін өмірге әкеледі.