жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Жаңғақ шаққыш

Ертегі Жаңғақ шаққыш

Авторы – Эрнст Теодор Амадей Гофман

Сахналандыру – Болат Абдрахманов

Режиссёр – Болат Абдрахманов

Киім үлгісінің суретшісі – Маймұра Топанбаева

Декоратор-суретші – Ләйлә Нәбиева

Музыкалық безендіру – Арман Ищанов

Пьесаны қазақ тіліне аударған – Байқал Байәділов

 

Рөльдер мен сомдаушылар:

Мари Еркежан Мұратхан, Рашида Ғалымова

Фриц  Ержан Әубәкіров

Штальбаум, медицина кеңесшісі – Ерқанат Сәбитов

Штальбаум ханым – Зафура Арзымбетова

Дроссельмейер, соттың аға кеңесшңсң, Мари мен Фрицтің кіндік әкесі – Еркебұлан Тулеуов

Тышқандар королі – Ұлықпан Қайратбек

Тышқан әскері – Дина Қожабаева, Гүлжан Байтемірова, Самал Нұралина, Еркебұлан Әмірханов 

Гусарлар  Нұрсұлтан Қыдырбеков, Ерқанат Сәбитов

Бишілер – Дина Қожабаева, Гүлжан Байтемірова, Самал Нұралина

Аққала – Баршагүл Малғаждарова

Аққала – Асылбек Тәшімов

 

 

Спектакльдің премьерасы 2015 жылдың 20 желтоқсанында

Спектакльдің ұзақтығы 45 минут.

 

 «Жаңғақ шаққыш» ертегісі  Мари мен Жаңғақ шаққыш туралы ғажайып оқиға. Жаңа жылдың қарсаңындағы кеште қыздың кіндік атасы ерекше ойыншықты сыйға тартқан соң, жуыр арада таңғажайып жайттар пайда бола бастады. Қуыршақтар мен ойыншықтарға жан бітіп, сөйлей бастайды, Жаңғақ шаққыш ханзадаға айналады... Ол тышқандар патшасымен ерлікпен соғысып, оны жеңеді.

Ертегі үміт пен сенбеушілік, сабырлық пен енжарлықтың арасындағы күресі кезіндегі жамандықты жығып шығатын жақсылықтың жеңісімен аяқталады. Төзіп шыққан барлық қиыншылықтарға сый ретінде Мари Жаңғақ шаққышпен достасып қана қоймай, Дроссельмейердің кеңесшісінің жиені - өз махаббатын кездестіреді. 

Спектакльдің мәні – кез келген қиыншылық кезінде мейірімділік, сабырлық, қамқорлық, кішіпейілділік, батылдық, сенімділік танытқан адам соңында бақытқа кенеледі.

 

Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашай аласыздар: