жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
07.06.2018

"Опа-топа немесе Туған күн қайда?" ертегі

Кішкентай көрермендер үшін тағы бір қойылыммен театрымыздың репертуары толықтырылды. Ағылшын жазушысы Дональд Биссет, қоюшы режиссері Болат Абдрахмановтың «Опа-топа немесе Туған күн қайда?» ертегісі көркемдік кеңеске тапсырылды. Ертегіні қазақ тіліне аударған, режиссер Фархадбек Канафин. Қойылым үш кейіпкердің балаларға не үшін келгендерін ұмытып қалып, соңында туған күндерімен құттықтау мақсатында келгендерін естеріне түсіру туралы. Бұл ертегінің ерекшелігі кейіпкерлердің балақайлармен бірге ән айтып,би билеп бір сәтке ертегі кейіпкерлеріндей өздерін сезінуге мүмкіндік туғызуында.