жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

"Рухани қазына –2021" фестивалі

"Рухани қазына –2021" фестивалінің салтанатты ашылуы рәсімінде ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, театр актрисасы Жанар Құсайынова және театр актрисасы Ғалия Қорабаева министрдің құрмет грамотасымен марапатталды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығына орай Аймақтық театрлар фестивалі өткізілді. Осымен үшінші мәрте өткізілген театр фестиваліне Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларындағы қазақ театрлары қатысып өзара бақ сынасты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ театр өнеріне өлшеусіз үлес қосып жүрген тұлға, актер, режиссер, білікті басшы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушы Оспанов Мұратбек Үкібайұлы "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісімен марапатталды. Театр ұжымы ҚР президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды! Нұр - сұлтан қаласында іскерлік форум аясында "САЛА ҮЗДІГІ" номинациясы бойынша театрымыздың актері, ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Төлеубек Көңбайұлы марапатталды. Театр администраторы Кеңшілік Жүзбаева "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" төсбелгісімен, басшы орынбасары Гүлмира Бекішова облыстық Мәдениет басқармасының "Алғыс хатымен", әуен бөлімінің меңгерушісі Медет Мухаммедин ҚР Мәдениет министрлігінің "Алғыс хатымен", әдебиет бөлімінің меңгерушісі Манарбек Қыдырбайұлы Мәдениет басқармасының "Алғыс хатымен" және ақшалай сертификатпен марапатталды. "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен театрымыздың актері, ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Қайрат Мырзаболатов марапатталды.