жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Медет Хамзин
бірінші санатты драма әртісі
Хамзин Медет Қайратбекұлы
2011 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы бітіргеннен кейін қазан айында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрына қызметке келді. Келгеннен бастап Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» фантасмагориясында Қасқырды ойнап, өзінің алғыр актер екенін көрсете білді. Сонымен «Желсіз түнде жарық ай» әдеби-музыкалық композициясында кәсіби қырынан көрінді. Медеттің ерекше көзге түскен рольдері С.Асылбекұлының «Империядағы кеш» қойылымында Тойболды, И.Лаузундтың «Офис» фарсында менеджер Хуфшмидт, Д.Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасында генерал Горчаков, И.Ғайыптың «Хан-Абылай» драмасында Күнтөре сұлтан болып табылды. Табиғи дарыны мол актер әркез тынымсыз ізденіп, рольдің ішкі болмысына тереңдей енуді мақсат тұтады. Болашақ қойылымның идеялық-көркемдік жүгін жан-жақты түсінетін дарынды сахнагер. Жұмысына ұқыпты, әріптестері арасында сыйлы.