жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
15.09.2026

Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында

«ӨТЕЛМЕГЕН ПАРЫЗ» – КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНДЕ

15 қыркүйек күнә отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылының көрермендеріне Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды. Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов.
Адам тағдыры, отбасы, жауапкершілік пен адамдық парызды арқау еткен спектакльді ауыл көрермені ерекше ықыласпен қабылдады. Қойылым барысында бірде мұңайып, бірде күліп, кей тұста толқып отырған көрермен спектакль кейіпкерлерімен бірге өмір сүріп, олардың тағдырына ортақтасты.
Сахнадағы әрбір сәт залға ой салып, жүрекке жетті. Көрерменнің ыстық ықыласы мен шынайы эмоциясы – театр үшін ең үлкен баға.
Өнердің міндеті – күлдіру ғана емес, жылату ғана емес, ең бастысы – ойландыру.