жаналыктар
-
17.03.2026
Шаңырақ күніне орай "Құлыншақ пен Бөлтірік" ертегісі
авторы:Ж.Омаров, қоюшы-режиссері:Қ.Қасымов
-
16.03.2026
Премьера! Премьера! Премьера!
"ОН ЕКІНШІ КҮН" комедиясы, авторы: Мар Байжиев, қоюшы режиссері: Төлеубек Көңбай
-
15.03.2026
15 наурыз – Қайырымдылық күні
«Өтелмеген парыз» драмасы көрермен назарына ұсынылды.
-
14.03.2026
АМАЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Көрісу күні – татулық пен бауырмалдықтың, сыйластық пен ізгіліктің мерекесі.
АУБАКИРОВ ЕРЖАН ҒАЛЫМҰЛЫ
драма актері
АУБАКИРОВ ЕРЖАН ҒАЛЫМҰЛЫ
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Кеңашы ауылында 1988 жылы туған.2003 жылы Ақан Сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің актерлік бөліміне оқуға түсіп, 2006 жылы бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Көкшетау қаласындағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында бастады. 2010 жылы
Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік өнер бөліміне түсіп 2014 жылы жоғары білім алып, театрда еңбегін әрі қарай жалғастырды. Актер Аубакиров Ержан 2014 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің актерлік бөлімін аяқтап, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына қызметке қабылданды.Ол Ж.Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасында бас кейіпкер, тағдыр талқысына түсіп, адасқан Асқар Абу Ханнасты ойнап, оның аянышты хал-жағдайын дәл бейнелейді.Сонымен қатар Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Марат ролімен қуақы жігіттің бейнесін көрсетеді.Ол Қ.Мырзабектің «Батырлық жолы» драмасында командир Заболотныйды қызу қанды, қатал кісі ретінде көрсетіп, кейіпкердің шынайы болмысын бейнелейді.У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» траги-фарсында Риверс бейнесін актер өзгеше қалыпта ойнай білді.