жаналыктар
-
12.12.2025
Гастрольдік сапар
Бұрабай ауданы Щучинск қ.
-
11.12.2025
“Мировозренческие истоки казахского театра” атты баяндаманы Мәскеудегі өнер иститутында (ГИТИС)
Оқыған:Загир Исмагилов атындағы өнер институтының 2 курс студенті Қарлығаш Абдрахманова
-
04.12.2025
Ақмола облысы ТЖД мен театрдың шығармашылық ұжымының ынтымақтастығымен ұйымдастырылған
"Байқа балақай" балалар қауіпсіздік спектаклі өтті.
-
25.11.2025
«Құдіретті поэзия»айдарының екінші санын назарларыңызға ұсынамыз!
айдарының екінші санын назарларыңызға ұсынамыз! "Есіңде бар ма жас күнің" Авторы: Абай ҚұнанбайұлыӨлеңді оқыған: Мұратбек Оспанов Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері
Төлеубек КӨҢБАЙ
жоғары санатты драма әртісі, ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
Қөңбай Төлеубек Монғол халық республикасының Баян Өлгей аймағында 1974 жылы ақпанның 24-де туған. Көңбай Төлеубек 1996 жылы театрға келгенге дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітіріп, жолдамамен барып Арқалық театрында бір маусым қызмет істеп Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына келген болатын. Ақкөңіл, кең пейілділігі мен еңбекқорлығы арқасында ұжымға бірден сіңісіп кетті. Кез келген режиссерлердің талабына сай, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істей алатындығын танытып келеді. Таптаурындылыққа ұрынбай рольмен жұмыс істеу тәсілін әркез жаңартып отыруды әдетке айналдырған. Тапсырылған әр ролімен жұмыс барысында суырып салмалық қасиеті, сөйлеу мәдениеті ерекше көзге түседі. Комедиялық жанрда да, трагедиялық қойылымдарда да образдарын ашу жолында көп ізденіп, образдың сыртқы мінез-құлқын, түрлі дәлелдемелер табуда шеберлік танытып жүрген актер. Көркем бейненің фактурасына жіті көңіл бөледі және сөз саптау, дауыс ырғағын іздеу арқылы образды ашуға көп күш салатын актер. Ол сахнада сомдаған әр образ өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен өріліп жатады. Жалған пафостан гөрі актер өмірдегі, көркем образдағы шынайылыққа ұмтылады.


Т.Көңбайдың Шарышы («Абылай» тарихи толғауында), Мылқауы («Ақан сері Ақтоқты») Алтайы («Ең әдемі келіншек»), Мақсұты («Анамның ақ көйлегінде») бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлқымен, тағдыр-тартысымен ерекшеленіп, көрермендер мен театр сыншылары тарапынан жақсы лебізге бөленіп жүрген талант иесі.
2000 жылғы «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Сүйікті әке, адал жар, қайырымды адам ретінде танылған сыйлы азамат. 2006 жылы наурыз айында Мәдениет қайраткері белгісіне ие болды.
Көптеген концерттік бағдарламардың қоюшы-режиссері.
Ойнаған рольдері: