жаналыктар
-
21.11.2024
20,21,22 қараша
Гастрольдік сапар
-
20.11.2024
Бір ауыз пікір
Серік Жетпісқалиев
-
18.11.2024
ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері
Жарас Қалдаровтың 50 жасына орай
-
13.11.2024
"Мен деп ойла" Дара толғау
Шығармашылық кеш
Жанар САТЫБАЙҚЫЗЫ
жоғары санатты драма әртісі, ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
Құсайынова Жанар Сатубайқызы Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Еңбекшілдер селосында 1971 жылы қаңтардың 13-де туған. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтын бітіргеннен кейін Жанар Құсайынова Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына келіп, қызметін қазірге дейін атқарып келеді.
1996 жылы наурыз айының 6-ыншы жұлдызында Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық- драма театры алғашқы рет Ғ. Мүсреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымымен ашылған. Жанар Сатыбайқызы басты кейіпкер – Ақтоқты ролін ойнады.
Жас актрисаның Ақтоқтысы жаңаша қырынан танылды десе де болғандай. Ақандай серімен жүрек сырын бөліскен ару қыздың бойындағы далалық мінез сол заманның шынайы суретін, кескін келбетін бере білді.
Ізеттілік, нәзіктік, сыршылдық, адалдық Ақтоқты – Жанарға тән болды. Ж.Құсайынова қай спектаклде, қай ролде ойнамасын өзіне тән дауыс ырғағымен, үн әуезділігімен, пластикалық қозғалысымен ерекшеленіп тұратын актриса. Ол осы аз уақыттың шамасында 30-ға тарта әр түрлі қыз-келіншек, әйел-ана бейнелерін сәтті сомдап үлгерді.
Қазір Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде дәріс береді. Республикалық, облыстық және қалалық шараларға белсене қатысады.
2000 жылы облыстық Оралхан Бөкеев атындағы конкурсында бірінші орын алып, Республикалық «Шабыт-2000» фестивалінің дипломанты болып оралды.2000 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтің алғыс хатын алды. Ақмола облысының әкімінің және Ақмола облысының мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды (2001, 2008 ж.ж.).
2006 жылы наурыз айында Мәдениет қайраткері белгісіне ие болды.
Ойнаған ролдері: