жаналыктар
-
09.10.2024
XXVIII Театр маусымының ашылуы
XXVIII Театр маусымының ашылуы
-
25.09.2024
«Ертіс -Баян» І республикалық театрлар фестивалі.
«Ертіс -Баян» І республикалық театрлар фестивалі.
-
07.09.2024
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны
-
01.06.2024
Халықаралық балалар күні
Халықаралық балалар күні
"КИОТАҒА ЖОЛ" абсурд
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!Театр және кино актеры «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Төлеубек Көңбайұлының 50 жас мерейтойына орай сахналанды.
Авторы – М.Гаппаров пен Г.Гаппарова
Қоюшы режиссері – Баатрыбек Шамбетов
Суретші сценограф – Садыр Ниязакунов
Суретші – Ирина Лунга
Дыбыс операторы – Медет Мұхаммедин
Жарық беруші – Қанат Әкімбаев
Режиссердің ассистенті – Сәуле Исакова
Премьерасы: 2024 жыл 24 ақпан
Қойылымның ұзақтығы – сағат 1 сағат 20 мин
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Қожажас,Актер, Әмір, Капитан – Төлеубек Көңбай «Мәдениет қайраткері»
Зулайқа,Актриса, Гаухар – Маржан Бөкешова «Мәдениет саласының үздігі»
Қосымша кейіпкерлер:
Сұр ешкі, Театр адамы – Әсем Шайсұлтанова
Алабас теке, Театр адамы – Асланбек Шайсұлтанов
Бұл қойылым адам мен табиғат арасындағы байланысты өзек ете отырып, адамзатқа ортақ мәселелерді қозғайды. Мұнда бастан-аяқ екі актер ғана ойнайды. Өзгеше бір формадағы, ерекше қойылым үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде аңшылықты ата кәсіп етіп дәніккен Қожажас, шектен шыққаны соншалық, айналадағы аң біткенді қырып-жойып жібереді. Соңғы көздегені, зарлы күй кешкен дәрменсіз сұр ешкі еді. Бірақ, сол бір ешкіден айласын асыра алмайды...
Жазықсыз жапа шеккен аңның киесі мен табиғат ананың қаһарына ұшыраған аңшы, кенет жалама жартасқа құлап тығырыққа тіреледі. Оны күллі ауылдың өзі құтқара алмай сарсаңға түседі. Қожажастың қолынан мерт болған түрлі аңның қураған сүйектерінен саты жасап, көмек қолын созған әйелі Зұлайқаның да әрекетінен түк шықпайды...
Екінші бөлімде осы қойылымда ойнайтын артистердің махаббатқа толы тәтті өмір мен шаттыққа толы күндерді аңсап қиялдауы бейнеленсе үшінші бөлімде тартылып кеткен Арал теңізі мен шөл даладағы кемені мекен еткен бейбақ тағдырлар жайлы баян етіледі.
Табиғат ананың сан құбылып түрлі мінез көрсетуі, аң мен құстың жойылуы, теңіздердің тартылуы, әлемнің азғындалуға бет алуы, тікелей адам қолымен жасалынып жатқаны әмбеге мәлім іс. Қойылымның басты айтар ойы - адам жанының экологиясының бұзылуы. Ең қауіпті жыртқыштық қасиет, аңда емес адамда ма дерсіз...
Театр басшысы – Жарас Қалдаров ҚР Мәдениет қайраткері
Көркемдік жетекші – Әбділ Нұрислам Жылқышыұлы
Әдебиет бөлім меңгерушісі – Манарбек Қыдырбай Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты
Көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі – Жұпар Әбишева
Труппа меңгерушісі –Ержан Әубакіров
Әуен бөлімінің меңгерушісі – Медет Мұхамедин
Көркемдік – бутафор бөлімінің меңгерушісі – Жарасхан Исин
Жарық беру бөлімінің меңгерушісі – Қанат Акімбаев
Киім бөлімінің меңгерушісі – Нұргүл Бөрібаева
Киім тігу цехының меңгерушісі – Ботакөз Бекентаева
Реквизит бөлімінің меңгерушісі – Жеңісгүл Құсайынова
Грим бөлімінің меңгерушісі – Айна Баймұратова
Құрастыру цехының меңгерушісі – Мұрат Есеноманов
Көкшетау қаласы
М.Әуезов көшесі, 216 үй
Тел/факс: +7(7162) 40-10-08, 25-43-10, 40-13-27, 25-45-57