жаналыктар
-
16.04.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Арылу" музыкалық драма, авторы: Б.Абдуразааков, қоюшы-режиссері:О.Комис
-
13.04.2026
ҚЫЗЫҚТЫРҒАН «ҚЫЗЫЛ АЛМА»
Манарбек ҚЫДЫРБАЙ Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі
-
08.04.2026
Премьераның екінші күні
"Қызыл алма" мелодрамасы авторы:Ш.Айтматов, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов ҚР "Мәдениет қайраткері"
-
07.04.2026
Премьера! "Қызыл алма" мелодрамма
авторы:Ш.Айтматов, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов ҚР "Мәдениет қайраткері"
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
ПРЕМЬЕРА СӘТТІ ӨТТІ!
"Арылу" қойылымының алғашқы премьерасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің зор ықыласына ие болды. Әсерлі сахна, шынайы эмоция және терең мазмұн көрермен жүрегінен орын тапты.
Авторы – Барзу Абдураззаков
Қоюшы режиссер – Олжас Комис
Режиссердің ассистенті – Гүлбаршын Манапова
Қоюшы суретші – Ирина Лунга
Анимация суретшісі – Айдын Шалқарқызы
Дыбыс операторы – Талғат Серікбай
Жарық беруші – Қанат Әкімбаев
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Бірінші әйел – Жанар Құсайынова ҚР «Мәдениет қайраткері»
Екінші әйел – Гүлнұр Қожанова
Үшінші әйел – Маржан Букешова ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Төртінші әйел – Мейрамгүл Апсалям
Бесінші әйел – Арайлым Айжарық
Алтыншы әйел – Үмітжан Ахмет
Жетінші әйел – Диана Ауталипова
Музыкалық бэнд:
Вокалист – Арайлым Айжарық
Гитара – Қабділмажит Айдын
Бас гитара – Шинкен Яссауи
Синтезатор – Талғат Серікпай
Барабан – Болгова Алина
Саксофон – Амангелді Ақылжан
«Арылу» шығармасы – адам жанының терең иірімдерін, ішкі күйзеліс пен рухани тазару жолын бейнелейтін психологиялық-драмалық туынды.
Қойылым жеті түрлі әйелдің өмірі арқылы өрбиді. Әрқайсысының басынан өткен қасіреті, жан жарасы, үміті мен өкініші – бір-біріне ұқсамайтын тағдырлар галереясын құрайды. Олар өз өткендерімен бетпе-бет келіп, ішкі арпалыс арқылы арылуға, кешірім табуға ұмтылады.
Қойылым әйел жанының нәзіктігі мен қайсарлығын қатар ашып, қоғамдағы ауыр шындықтарды шынайы жеткізеді. Әр кейіпкердің монологы – жан айқайы, ал олардың тағдырлары – адам баласының рухани тазалыққа жету жолындағы күресінің көрінісі.
«Арылу» – жеті әйелдің тағдыры арқылы бүкіл қоғамның жан жарасын қозғайтын, көрерменді терең ойға жетелейтін әсерлі туынды.
???? Премьера 17 және 19 сәуір күндері жалғасады!
Жеті әйелдің жеті түрлі тағдырынан сыр шертетін бұл қойылымда жанды дауыста ән шырқалып, бэндтің сүйемелдеуімен ерекше атмосфера қалыптасады.
Автор: Барзу Абдураззаков
Қоюшы режиссер: Олжас Комис
Қоюшы суретші: Ирина Лунга
???? Билеттерді театр кассасынан немесе Ticketon сайтынан алуға болады.
Келіңіздер, әсерлі кештің куәсі болыңыздар!


https://www.instagram.com/reel/DXM0mzijXKZ/?igsh=czZ3NjVqYnBlaGtk
https://www.instagram.com/reel/DXMu5FQDMiZ/?igsh=MTduMThzeXh6dXowMQ==