жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Премьераның екінші күні
Өткізу күні: 2026 ж. 8 сәуір
Өткізу уақыты: Сағат 18:30
Шыңғыс Айтматовтың «ҚЫЗЫЛ АЛМА» шығармасы
Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов ҚР "Мәдениет қайраткері"
Қоюшы суретшісі: Ирина Лунга
Балетмейстер: Ғазиза Алимбаева
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 20 мин.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Исабеков – Мейрамбек Мухатай
Сәбира – Аяулым Елубай, Ақерке Хасихан
Бейтаныс қыз – Әсем Шайсұлтанова, Мақпал Сүлейменова
Анар – Жансая Жумабекова
1 Театр адамы– Асланбек Шайсұлтанов
2 Театр адамы – Азат Қайыржан
3 Театр адамы – Нұрлыбек Тілеулес
4 Театр адамы – Әліби Мұрат
5 Театр адамы – Ақерке Хасихан, Аяулым Елубай
6 Театр адамы – Мақпал Сүлейменова, Әсем Шайсұлтанова
Қойылымның премьерасына қаланың және облыстың қоғам қайраткерлері, БАҚ қызметкерлері, Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары шақырылады.
Шыңғыс Айтматовтың терең философиялық ойға толы «Қызыл алма» шығармасы адам жанының нәзік иірімдерін, отбасы құндылығын және махаббаттың мәнін арқау еткен әсерлі туынды. Аталған шығарма желісімен сахналанған мелодрамада отбасы өміріндегі салқындық, түсініспеушілік пен сағыныш секілді сезімдер көрермен жүрегіне жол табады.
Бір кездері махаббатпен құрылған шаңырақ уақыт өте келе тұрмыс күйбеңі мен ішкі күйзелістердің салдарынан алыстай бастайды. Алайда тағдыр тосын сәттер арқылы адамға өз өміріне, сезіміне қайта үңілуге мүмкіндік береді.
Қойылымдағы «қызыл алма» – сағыныштың, жоғалған жылылықтың және қайта табылар үміттің символы. Бұл мелодрама көрерменді адам жанының құпия қатпарларына жетелеп, жақын жандардың қадірін бағалауға, жүрекке үңіліп, шынайы сезімнің құнын түсінуге шақырады.


