жаналыктар
-
08.04.2026
Премьераның екінші күні
"Қызыл алма" мелодрамасы авторы:Ш.Айтматов, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов ҚР "Мәдениет қайраткері"
-
07.04.2026
Премьера! "Қызыл алма" мелодрамма
авторы:Ш.Айтматов, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов ҚР "Мәдениет қайраткері"
-
06.04.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
Авторы: Б.Абдураззаков, қоюшы-режиссері:О.Комис «АРЫЛУ» Музыкалық драма
-
30.03.2026
Репертуар!
Сәуір айының реперуары
Премьера! "Қызыл алма" мелодрамма
ПРЕМЬЕРА АНШЛАГПЕН ӨТТІ!
«Қызыл алма» қойылымының алғашқы премьерасы аншлагпен өтіп, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Зал толы қошемет пен шынайы эмоция – шығармашылық ұжым еңбегінің айқын көрінісі!
Авторы: Шыңғыс Айтматов
Қоюшы-режиссері:Баатырбек Шамбетов ҚР "Мәдениет қайраткері"
Қоюшы суретші: Ирина Лунга
Биін қойған: Ғазиза Алимбаева
Бұл қойылым қазақ театр сахнасында тұңғыш рет сахналануда.
Премьераны көріп үлгермесеңіз, 8 және 12 сәуір күндері театрға келіп, әсерлі қойылымды тамашалауға шақырамыз!
Қойылымға арналған пікірлер
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры сахнасында өткен «Қызыл алма» қойылымының премьерасы көрерменге ерекше әсер сыйлап қана қоймай, адам ғұмырының кей тұстарын тәпсірлеу арқылы да қалың көпшілікті терең ойға қалдырған ерекше қойылым болды.
Қойылым Шыңғыс Айтматов шығармасының негізінде адам жанының нәзік иірімдерін, өмірдегі ең қымбат сезімдердің қадірін баяндайды. Сахнада бір қарағанда қарапайым ғана оқиға өрбиді. Отбасы, әке мен бала арасындағы түсініспеушілік, адам бойындағы өкініш пен сағыныш деген сияқты картиналар бірінен соң бірі алма-кезек ауысып отырады.
Спектакль желісінде әке бейнесі арқылы өмірдің жасындай жарқ етіп өте шығатындығы мен адамның өз қателіктерін кеш түсінетіні көрсетіледі. Ол кезінде отбасына, баласына жеткілікті көңіл бөлмей, өмірдің күйбеңімен жүріп маңызды сәттерді жіберіп алғанын енді ғана ұғына бастайды. Сол сәттер сахнада кейде естелік, кейде ішкі монолог ретінде беріліп, көрерменді терең толғанысқа жетелейді.
Бір көріністе әке мен бала арасындағы үнсіздік ерекше әсер қалдырады. Екеуі бір-біріне айтар сөз таба алмай, ішкі жан дүниесінде арпалысқа түседі. Осы сәтті режиссер Мәдениет саласының үздігі Батырбек Шамбетов би мен қимыл арқылы шебер жеткізе білген.Адамның ішкі жан айқайын сөзсіз-ақ түсіндіріп берген бұл қойылымда қызыл алма сағыныш пен аңсардың символы іспеттес. Бұл тұста алма дегеніміз балалық шақтың, тазалықтың, жоғалған уақыттың белгісі ретінде бейнеленгендей. Кейіпкер сол алмаға қол созған сайын, өткен күндерге, қайтып келмес аяулы сәттерге ұмтылғандай әсер береді.
Қойылым барысында кейіпкерлердің ішкі сезімі би мен пластикалық қозғалыстар арқылы ашыла түседі. Балетмейстер Ғазиза Әлімбаева қойған көріністерде сөзден гөрі қимыл көп нәрсені жеткізеді. Осы тұста ой арпалысын би қимылдары арқылы көрсете білген режиссердің шешіміне тағы бір мәрте респект десе болғандай. Ал, қоюшы суретші Ирина Лунга жасаған сахналық кеңістік те символикаға, қанық бояуларға толы. Бос кеңістік, жарық пен көлеңке кейіпкерлерді сомдаған актерлердің ішкі күйін айқындай түседі.
Актерлік құрам да бұл қойылымға ерекше құлшыныс танытып, әр образды шынайы әрі нанымды сомдай білді. Әр кейіпкердің тағдыры, ішкі сезімі, арпалысы, таңдауы деген сияқты элементтер көрерменге анық жетіп, жүректерден орын алып жатты.
Жалпы, «Қызыл алма» сырттай қарағанда қарапайым оқиғаға құрылғанымен, астарында терең мағына жатқан, жүрекке сапар шегетін, ойға ой қосатын, көрерменмен сырласатын қойылым. Осындай әсерлі дүниені сахналаған шығармашылық ұжымның еңбегі зор құрметке лайық.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ.
https://www.facebook.com/share/r/1BPCaofTQt/