жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Астана қаласына Гастрольдік сапар
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры алдағы 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы гастрольдік турын бас қаламыздан бастады. 23 ақпан күні сұңғыла суреткер Төлен Әбдіктің "ӨТЕЛМЕГЕН ПАРЫЗ" драмасы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық драма театрының сахнасында сәтті ойналып көрермен қошеметіне бөленді. "Оң қол", "Парасат майданы", "Тозақ оттары жымыңдайды", "Әке", "Біз үшеу едік" тә ғажап туындыларымен оқырманның биік бағасын алған суреткер біз ұсынған қойылымды өзі тамашалап, өте жоғары бағасын беріп, ризашылық танытты. Көрермен көңілінен шығатын осындай сапалы қойылымды туғызған әріптесіміз қоюшы режиссер Баатырбек Шамбетовке және шебер әртістер мен шығармашылық құрамға алғыс. Астана жұрты Көкше қазақ театрына дән риза!
