жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
БҮГІН ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ ШАХМЕТ ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
БҮГІН ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ ШАХМЕТ ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
Шахмет Құсайынов (1906–1972) Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, қазіргі Қаратал ауылдық кеңесінде туған.
1929–1935 жж. аудандық және облыстық газеттердің редакцияларында түрлі қызметтер атқарған. 1936–1938 жылы Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетінде оқыған. Содан кейін Семей облыстық театрының көркемдік жетекшісі болды. Кейін Қазақ академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарған. Соғыс жылдарында Алматыдағы Орталық біріккен киностудияда сценарий бөлімінің редакторы, содан кейінгі жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы өнертану секторының ғылыми қызметкері болады.
«Шабуыл» (1932), «Орақ үсті» (1935), «Шолпан» (1938), «Алдар Көсе», т.б. пьесаларын жазған. Соғыстан кейінгі жылдары «Аманкелді», «Көктемгі самал», «Еркежан», «Ертіс жағасында» және басқа пьесаларын көпшілікке ұсынды.
Кинодраматургия саласында В.Абызовпен бірге «Өжет қыз» музыкалы кинокомедиясының, тың туралы «Біз осында тұрамыз» фильмінің сценарийлерін жазысты.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Сырымбет даласында. Таңдамалы пьесалар. А., «Жазушы», 1967; Үш томдық шығармалар жинағы. А., «Жазушы», 1986–1987.