жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ТМД, Балтия мен Грузия мемлекеттерінің II театралдық жастар форумы
2015 жылдың қараша айының 19-нан 26-на дейін театр ұжымы (Беларусия) Минск қаласында өткен Балтия, Грузия және ТМД елдері арасындағы ІІ Жастар театр форумына қатысты.
Театр одақтарының халықаралық конфедерациясы, БР мәдениет министрлігі, Минск қаласының атқару комитеті және ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлы ынтымақтастығының мемлекетаралық фондының қаржылық қолдауымен беларус драматургиясының республикалық театры Форумның ұйымдастырушылары болып табылады.
Форумға Азербайджан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызтан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Эстония елдерінің театр ұжымдары қатысты.
Біздің театр режиссер Болат Абдрахмановтың қойылымындағы Т.Уильямстың пьесасы бойынша «Құштарлық» трамвайы» спектаклімен Қазақстанымыздың намысын қорғады. Режиссер Болат Абдрахманов қатысушы дипломымен марапатталды.
