жаналыктар
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
-
30.06.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау жарияланды.
Талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.
-
18.06.2026
"Адалдық өзіңнен басталады" жобасы
"Тендерге түскен келіншек" драмасы, авторы М.Сарсекеев, қоюшы-режиссері:О.Кенебаев
Қарағанды қаласы
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ
Биыл қазақтың біртуар ұлдарының бірі Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл. 20 наурыз тағылымды тағдыр иесінің дүние есігін ашқан күн. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Елім деп өткен ердің 110 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қаласында "ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ: ТАРИХ.ТҰЛҒА.ТАҒЫЛЫМ" ғылыми практикалық конференция өтті.
Конференция аясында Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры Ерсайын Төлеубайдың "АЛДАСПАН" (Жұмабек Тәшенев) драмасын Қарағандылық көрермен назарына ұсынып Жұмабек рухын асқақтатты. Қойылымды жыйналған жұрт зор ықыласпен тамашалады. Шараны ұйымдастырушылар театр ұжымына ризашылығын білдіріп Жұмабек Тәшеневтің бейнесін театр мен кинода тірілткен театр және кино актеры Төлеубек Көңбайға шапан жауып алғыс хат табыс етті