жаналыктар
-
30.03.2026
Репертуар!
Сәуір айының реперуары
-
30.03.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
«ҚЫЗЫЛ АЛМА» мелодрама, авторы:Шыңғыс Айтматов, қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов ҚР «Мәдениет қайраткері»
-
25.03.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"ОН ЕКІНШІ КҮН" комедия, авторы:М.Байжиев, қоюшы-режиссері: Т.Көңбай
-
22.03.2026
22 наурыз күні, Жағалауда Наурыз мерекесіне орай
A solemn event
«Науруз» театр форум-фестивалі
2018 жылы театрымыздың жас режиссерлары жылдан жылға өз біліктіліктерін арттыру мақсатында келесі аталған халықаралық және аймақтық театрланған фестиваль және көптеген конкурстарда қатысуда. Мәселен: 28 мамыр -1 маусым күндер аралығында театр режиссері Б.Абдрахманов Татарстан Қазан қаласында өткен V Халықаралық түркі тілдес мемлекеттерінің «Науруз» театр форум-фестиваліне қатысты. 15 - 20 маусым күндер аралығында театр режиссері Ф.Қанафин Ресейдің Новосибирск қаласына С.Н. Афанасьев жетекшілігімен режиссерлік лобараторияға тәжірибе алмасуға барды. 29 қыркүйек – 1 қазан күндер аралығында театр режиссерлері Ф.Қанафин, Б.Абдрахманов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған шетел шеберлерінің қатысуымен өтетін театр өнері қайраткерлерінің Республикалық Практикумына қатысып, сертификат иегерлері болып оралды. Сонымен қатар осы жылдың маңызды оқиғасы - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында театр өнерін дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін жоғары санаттағы драма әртісі Қалқатаев Құмарбек Өкенұлының «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алуы болды. Сондай-ақ, талантты жас драматург, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Хыдырбай Манарбек IX Республикалық "Тәуелсіздік толғауы" байқауында "Тұман" пьесасының авторы ретінде Үздік пьеса номинациясы бойынша дипломға ие болды.