жаналыктар
-
20.06.2025
"ЖАН ЖЫЛУЫ СІЗДЕРГЕ" атты қайырымдылық концерт
Бурабай ауданындағы қарттар үйі
-
16.06.2025
Екі ел арасындағы рухани байланысты нығайту.
Алдағы уақытта бірігіп атқарылатын ізгі шаралар жайлы ақылдасты
-
10.06.2025
Ақмола облыстық орыс драма театрының жанындағы
Kinder театрның 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
-
09.06.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында
Л.Разумовская "Емтихан" қойылымы қойылды




Театр маусымы ашылды !!!
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры XXVII театр маусымын "Алло, мама..." драмасымен ашты.( Авторы: Барзу Абдураззаков, қоюшы режиссері Тасқын Мажитов) Кезекті театр маусымының ашылуы Қазақстанның халық артисі, "Парасат" орденінің иегері Жібек Бағысованың өнер жолында жүргеніне 65 жыл толуы құрметіне арналды. Қойылым ана мен бала арасындағы мөлдір махаббаттты арқау еткен.
Сексеннің бел ортасына жақындаған сахна саңылағының шебер ойыны көрермен жүрегін баурап алды. Іс - шараға Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы арнайы қатысып Жібек Есекеқызына лебізін білдіріп арнайы шапан жауып алғыс хат табыстады. Көрерменнің театрға деген ыстық ықыласы мен сартап сағынышы толассыз қошеметтің дабылынан байқалды.