жаналыктар
-
23.04.2026
Мамыр айының , Балалар мен жасөспірімдерге арналған
Реперуары
-
20.04.2026
“Арылу” – тағдырлар тоғысқан қойылым
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ, Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері, Көкшетау қаласы.
-
19.04.2026
"Үш қоңыр" Халықаралық әдебиет, мәдениет және өнер газеті
Манарбек Қыдырбай, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, Көкшетау қаласы
-
16.04.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Арылу" музыкалық драма, авторы: Б.Абдуразааков, қоюшы-режиссері:О.Комис
Алматы қаласына гастроль сапары
2015 жылдың қазан айының 26-28 аралығы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен гастрольдік сапары сәтті өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Сәкен сері Жүнісовтің «Абылай» тарихи толғауы, отбасы құндылығы мен Ана тақырыбын тереңінен толғайтын Шариф Хусаиновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің өмірі туралы Ерсайын Төлеубайдың «Алдаспан» драмасы Алматы қаласы көрермендерінің назарына ұсынылды. Барлық қойылым аншлагпен өтті.Алматы көремендері әртістердің ойындарын және театрдың гастрольдік репертуарын жоғары бағалады. «Алдаспан» қойылымы Жұмабек Тәшеневтің жақын туысқандарына, жоғары буын өкілдеріне және Тәшеневті жақсы танитын интеллегент қауымға жақсы әсер берді. Әртістер басты кейіпкерлердің азаматтық және саяси позициясын, мінез-құлықтарын, Совет үкіметі кезеңін нақты көрсете білді. Театр әртістеріне көрермендер зор алғыстарын білдірді.