жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
ШАЙСУЛТАНОВ АСЛАНБЕК АМАНГЕЛДІҰЛЫ
драма актері
ШАЙСУЛТАНОВ АСЛАНБЕК АМАНГЕЛДІҰЛЫ
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Кеңашы ауылында 1992 жылы туған. 2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік өнер бөлімін бітірген. 2014 жылы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында жұмыс істеп келеді.
Жас актер Асланбек Шайсұлтанов 2014 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін аяқтап, Ш.Құсайынов атындағы театрға драма актері ретінде қабылданды. Оның актерлік қабілеті Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Нарбол ролімен байқалды.А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында Кулыгин ролін Асланбек жан-жақты іздену арқылы жоғары дәрежеде орындады.Сонымен қатар У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» траги-фарсында Брекенбери ролі жас актердің орындауында сәтті шықты.Асланбек Э.Т.А.Гофманның «Жаңғақ шаққыш» ертегісінде Жаңғақ шаққыш, Д.Урбанның «Тышқандар ірімшікті жақсы көрер» ертегісінде Шома рольдерімен кішкентай көрерменнің қошеметіне бөленді.Асланбек қай ролі болсын, үлкен жауапкершілікпен қарайды.