жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Ғалия Қорабаева
екінші санатты драма әртісі
Қорабаева Ғалия Қанатқызы 2006 жылы Көкшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжін актерлік бөлімін бітіріп, (А. Оспанованың шеберханасы) Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрына драма актрисасы болып қызметке орналасты. Сахнада өзін еркін ұстай білуімен қатар, әдемі даусы және әсем пластикасы, әрі образға ене білу қасиетімен өзін алғыр, дарынды актриса екенін көрсете білді. Кейіпкерлер дүниесін терең игеріп, ұшқыр қиялын орынды пайдаланып қатарластарынан оза біліп, тәжірибелі актерлармен иық теңестіре алды. Классикалық кесек бейнелерді сомдауға кабілеті мол алымды актриса.


Ойнаған рольдері:
* Б.Мұқай «Тағдыр» драмасында- Даная;
* Т.Жүженоглу «Қар көшкіні» драмасында – қыз;
* С .Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» ертегісінде – Мысық;
* Ш.Хусайынов «Анамың ақ көйлегі» драмасында - Сағыныш;
* С.Жүнісов «Абылай» драмасында – Қарлығаш;
* Ө.Боранбаев,Ж.Қамбаров «Сиқырлы сыбызғы» ертегісінде - Ханшайым;
* А.Линдгрен «Балақай және Карлсон» ертегісінде Астрид;
* «Бала Куай және жолбарыс» ертегісінде- Күн;
* Б.Соқпақбаев « Менің атым Қожа» хиқаятында – Жанар;