жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
Анамның ақ көйлегі
Драма ONLINE http://kazdramteatr.kz/
Автор: Шариф Хусаинов
Қазақ тіліне аударған: Серік Жетпісқалиев
Режиссер: Мұхитжан Изимов
Суретші-сценограф: ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Мақсұт
Спектакльдің ұзақтығы: 1 сағат 45 минут
Адам баласы үшін анадан қадірлі, анадан қасиетті ешкім жоқ дейміз. Расында осынау жарық дүниенің нұрын, тіршіліктің жырын сыйлап, өбектеп өсіп-өндірген, өле өлгенше өзін емес өзегін жарып шыққан жан құлыншақтарын ойлап өтетін Анадан қымбат, одан аяулы хәм ардақты ешкім де болмауы керек. Бірақ?... Бірақ бүгінгі қатыгез қоғамның қалтасынан шыққан қара ниет, тас жүрек адамдар «Ана» атты аяулы жанға дәл сіз бен біз ойлағандай қарай алып жүр ме? Шын бақытты ана қандай болмақ? Анаға қайырым қылмаған пенде кімге қайырым қылады? Осы біздің ортамыздан қандай ұрпақ өсіп келеді? Міне, осы қатарлы жанымызды сыздатып, жүрегімізді шабақтайтын адамзаттық, ұлттық өткір мәселелер адамгершіліктің, ар ожданның сотына шақыратындай. Бар бақытымды балаларымнан табамын ба деп, бар үміт арманын шашып болған Ана ақыры ешбір баласына керексіз болып айықпас дерттің апанына құлайды. Қыздан мейір, ұлдан қайыр көрмеу – бұл міне, әрбір ақ көйлекті аналардың ең басты қасіреті. Қойылымның айтар ойы осы.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: