жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
«Абылай» С. Жүнісов
тарихи толғау http://kazdramteatr.kz/
Авторы – С. Жүнісов
Қоюшы режиссері – М. Оспанов
Қоюшы суретші – М. Мақсұт
Қойылымның сюжеттік желісі, оқиғалық тартысы XVIII ғасырдың басындағы қазақ даласындағы жойқын ұрыс, жоңғар шапқыншылығына байланысты өрбиді. Жүз жылға жуық созылған қазақ-жоңғар, қазақ-қалмақ жорығының ақыры қазақ хандығының өз арасынан бөлініп, ата мекенді жау қолына берумен аяқталуға жақын қалған еді. Әз Тәуке хан дүниеден өткен соң, бұл мәселе тіпті қиындай түскені белгілі. Осы тұста тарих сахнасына Сабалақ деп жасырын аталынған Абылай сұлтан көтеріледі. Үш жүздің басын қосып, орта жүздің сұлтандығынан алты алаштың айбарлы ханына көтерілген Абылай хан исі қазақтың басын біріктіріп, қайтадан ілгері мемлекет деңгейіне жеткізді. Осылайша орыс, қытай империяларымен дипломатиялық тіл табысып, қазақ хандығының берік те бекем ел болуына өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Спектакльдің кульминациясы Абылай ханның ел тәуелсіздігі, оның болашағы үшін екі ұлын аталмыш екі империяға аманатқа табыстаумен аяқталады.