жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
"Соңғы хат" спектакль-концерт
инсценировкасын жасаған: Манарбек Хыдырбай, қоюшы режиссері: Медет Хамзин
Жеңістің 80 жылдығына орай Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында 7 мамыр күні "СОҢҒЫ ХАТ " спектакль-концертінің премьерасы сәтті өтті. Қоюшы режиссері–Медет Хамзин. Қойылымда сұрқай соғыстың адамзат жүрегіне салған жазылмас жарасы әдемі көріністермен көрсетіліп, соғыс жылдарында жазылған жан тебірентер хаттар оқылып, әуезді әндер шырқалды. Санаңды сансыратып, кеудеңе күрсініс ұялатып, жанарға жас үйіретін сюжттер терең ойға жетелеп, бейбіт күннің қадірін ұқтырды. Отан үшін отқа түсіп, жанын шүберекке түйген батыр бабалар рухына тағзым ретінде жасалған шара көрермен көңілінен шықты.