жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ПРЕМЬЕРА!!! «Додескадэн» (Бір қалашықтың трагедиясы)
Авторы: А.Курасава, қоюшы режиссері: Ш.Дыйканбаев 8 қазан 2025 жыл
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
Құрметті көрермен, 8 қазан күні "ДОДЕСКАДЭН" қойылымының премьерасымен кезекті театр маусымы ашылатынын қуана хабарлаймыз.
Авторы: Акира Куросава
Аударған: Серік Жетпісқалиев
Режиссері – Шамиль Дыйканбаев
«ДОДЕСКАДЭН» – түрлі тағдырларды арқау еткен, терең мағынаға толы тың туынды.Бұл шығарма Жапондық атақты кино режиссер Акира Куросаваның кино сценарийі желісі бойынша театр сахнасында тұңғыш рет сахналанды.
Қойылым арқылы көрерменге тек әлеуметтік мәселе емес, адам болмысы, арман мен қиялдың құдыреті, жаны жаралы жандардың ішкі драмасы жеткізіледі. Мұндағы әр кейіпкердің жан тебіренісі үміт пен үнсіздік арасындағы үнсіз күрестің шуы. До-дес-ка-дэн – жүрек дауысы.
P.S.
Мәртебелі көрермен, аталған спектакль – камералық театр үлгісінде қойылған ерекше форматтағы туынды екенін ескеріңіз. Кейіпкерлер әлемін терең түсіну үшін спектакльді төрт тараптан, төрт рет тамашалау ұсынылады.
Жанры: Бір қалашықтың трагедиясы
Билеттерді театр кассасынан немесе тикетон сайтынан алуға болады.