жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
М.Мақатаев "Мен деп ойла" Дара толғау
М.Мақатаев ҚР Мәдениет қайраткері Жарас Қалдаров 50 жасына орай Шығармашылық кеш
17 қараша күні театр майталманы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актеры, Қазақстан Республикасы "Мәдениет қайраткері ", "Ерен еңбегі үшін" төсбелісінің иегері, өнер саңлағы, аталған театрдың басшысы Қалдаров Жарас Шотбекұлының 50 жас мерейтой жоғары дерәжеде өтті. Көрермен назарына "Мен деп ойла " атты монодрама ұсынылды. Авторы: Мұқағали Мақатаев, қоюшы режиссері Қуандық Қасымов. Мұқағали өлеңдері мен күнлеліктерінен құралғар қойылымды жалғыз өзі ойнаған талантты актер Жарас Қалдаров жүректерге сезім ұялатып терең ойға шомылдырды. Ісшараны Жарас Шотбекұлының жанашыр жақындарымен, өнердегі жора жолдастары және сүйікті көрермендері тамашалады.
Шараның екінші бөлімінде театр әртістері Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әдемі әндер ұсынды. Сондай-ақ Астанадан арнайы келген "Бәйтерек" тобы Ж.Шотбекұлының әуеніне, ақын Қуаныш Оспанның сөзіне жазылған "Достарым" атты әннің тұсауын кесті.
Кеш соңында өнер майдалманының ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр педагогы Машурова Рахилиям, Халық әртісі Жібек Есекеқызы ақ "Сырлы суреттер" атты фотоальбомның тұсауын кесіп,көрерменге шашу шашты.Жазушы-драматург Жабал Ерғалиев пен Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы ақ тілектерін ақтарып мәдениет министрлігінің алғыс хатын және облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

