жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"Алдар" ертегісі
Ертегі
Аңыз-әңгімелер желісімен «АЛДАР» (Фарс),
Режиссер - Аян Алимбаев
Қойылым Алдар көсенің өмірі мен басынан кешкен түрлі оқиғалары жайлы баяндайды. Алдаркөсе көпшілікке кеңінен тараған қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Осы і заманмен шендестіре отырып сахналанған қойылымнан бүгінгі күннің Алдаркөсесі мен Шықбермес Шығайбайларын көруге болады.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Қарашор–Қайрат Мырзаболатов «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері»,
Алдар –Намыс Мақсатұлы,
Алдан – Самат Шаймерденов «ҚР Мәдениет саласының үздігі»,
Алдардың анасы – Гүлнұр Қожанова,
Бай – Нұрлыбек Тілеулес,
Қарашаш – Диана Ауталипова,
Жындар – Асланбек Шайсұлтанов, Ержан Аубакиров-«ҚР Мәдениет саласының үздігі»,Мейрамбек Мұхатай.
Авторы: Қазақ аңыз-әңгімелерінің желісімен


Қоюшы режиссеры: Аян Алимбаев
Биін қойған : Ғазиза Алимбаева
Қоюшы суретші: Ирина Лунга
Киім суретшісі: Маймұра Топанбаева
Дыбыс операторы:Медет Мұхаммедин
Жарық беруші : Қанат Әкімбаев