жаналыктар
-
11.09.2025
ОТБАСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – МЕЙІРІМ!
Д.Биссетің "Опа-топа" ертегісі ұсынылды.
-
08.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Жолдауында еліміздің алдағы кезеңдегі даму бағытын айқындайтын негізгі бастамалар мен тезистер айтылады.
-
29.08.2025
Қазақстан Республикасының Конституция күні
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
-
14.08.2025
"Абай – Тоғжан" атты театрландырылған көрініс
Қоюшы-режиссер: А.Сәбит




"Ар.Рух.Муза" Дара толғау
Премьера!
«АР.РУХ.МУЗА» (Дара-толғау)
Авторлары:А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлы, М.Мақатаев
режиссері: Қ.Қасымов
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Абай – Қайрат Мырзаболатов ҚР Мәдениет қайраткері
Мұқағали – Жарас Қалдаров ҚР Мәдениет қайраткері
Махамбет – Ержан Әубакіров ҚР Мәдениет саласының үздігі
Абай қазақтың – Ары. Махамбет – өр Рухы. Мұқағали – мөлдір махаббатқа малынған – Музасы. Үш алыптың бір-біріне ұқсамайтын дара болмысы мен теңіздей терең ойлары ұштасқан монодрама адам жанына рухани нәр береді. Абайды, Махамбетті, Мұқағалиды тану – қазақты тану һәм өзіңді тану.
Таласты тағдырға, әлекті әлемге АҚЫН көзімен қарау, ол – әділетсіздікті даттау, әділдікті жақтау.
Ар – ақыл. Рух – мінез. Муза – жүрек. Нұрлы ақылды, ыстық қайратты, жылы жүректі жақыннан сезінгіңіз келсе театрда күтеміз.
Атымды Адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Абай Құнанбайұлы
***
Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!
Махамбет Өтемісұлы
***
Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Мұқағали Мақатаев
Режиссері – Қуандық Қасымов Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері
Режиссердың ассистенті – Гүлбаршын Манапова
Қоюшы суретші – Ирина Лунга
Киім үлгісінің суретшісі – Маймұра Топанбаева
Биін қойған – Ғазиза Алимбаева
Музыкамен көркемдеген – Медет Мухаммедин
Жарық беруші – Қанат Әкімбаев
Премьерасы: 2024 жыл 30 қазан
Қойылымның ұзақтығы – сағат 1 сағат 30 мин
Театр басшысы – Жарас Қалдаров ҚР Мәдениет қайраткері
Көркемдік жетекші – Әбділ Нұрислам Жылқышыұлы
Әдебиет бөлім меңгерушісі – Манарбек Қыдырбай Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты
Көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі – Жұпар Әбишева
Труппа меңгерушісі – Ержан Әубакіров
Әуен бөлімінің меңгерушісі – Медет Мұхамедин
Көркемдік – бутафор бөлімінің меңгерушісі – Жарасхан Исин
Жарық беру бөлімінің меңгерушісі – Қанат Акімбаев
Киім бөлімінің меңгерушісі – Нұргүл Бөрібаева
Киім тігу цехының меңгерушісі – Ботакөз Бекентаева
Реквизит бөлімінің меңгерушісі – Жеңісгүл Құсайынова
Грим бөлімінің меңгерушісі – Айна Баймұратова
Құрастыру цехының меңгерушісі – Мұрат Есеноманов