жаналыктар
-
24.12.2025
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Ойна!Ойла!" интерактивті ертегі автор және режиссер:А.Сәбит
-
24.12.2025
Мемілекет басшысы атынан Жаңа жылдық шырша
Үздік балаларға арналған
-
22.12.2025
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"ҒАЖАЙЫП ШЫРША" ертегісі, Авторы: Болат Ұзақов Қоюшы режиссері: Медет Хамзин
-
16.12.2025
«Құдіретті поэзия» айдары
"ЖЕЛТОҚСАН АЛАҢЫ" Авторы: Мұхтар Шаханов
№13
комедия
Авторы - Рэй Куни
Қоюшы режиссері - Мұратбек Оспанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретшісі - Жарасхан Исин
Қойылым ұзақтығы: 1 сағ 40 минут
Пьеса ағылшын драматургі Рэй Кунидің үздік шығармаларының бірі.
Премьер – министрдің көмекшісі Ричарт Уилли сүйкімді көңілдесімен бірге қонақ үйде жасырын кездесіп көңіл көтеруге келеді. Өкінішке орай жоспарлары күл-талқан болып, күн сәтсіздікпен басталып шырғалаңға салады. Себебі, ойламаған жерден бұл екеуі жатқан қонақ үй бөлмесінің терезесіне қыстырылып жан тәсілім еткен ер адамның денесі табылады. Осылайша нағыз шытырман басталады. Бұлардың бұл оқиғаны полицияға хабарлауға құлқы жоқ. Полицияға хабарлаған жағыдайда күллі аброй-беделіне нұқсан келмек. Неге десеңіз, дәл осы сәтте Ричард Уилли саясаткерлердің тікелей эфирдегі пікірталасына қатысу керек-ті. Ал бұл болса көңілдесімен қонақ үйде жүр... Оқиға әрмен қарай түрлі-түрлі күлкілі оқиғалармен толысып шиеленісе түседі. Сарсаңға салған мәйіттен бұл екеуі қалай құтылмақ? Оқиға немен тынады? Білгіңіз келсе онлайн премьераны тамашалаңыз!
Іс-шараның мақсаты: Көрермендерге ой тастап, рухани азық беріп, қойылым арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді көрсету. Әлемдік індетке алаңдап көңілдері түскен жұрттың көңіл күйін көтеру.