жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Мәссаған! Сенсация!!!"
трагикомедия
Бұл шығарма бүгінгі қоғамның дертіне айналған жемқорлық пен парақорлық мәселесін бойына өзек еткен. Автор ащы шындықты, тәтті әзілмен астастыра отырып, күнделікті көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүріп, етіміз үйреніп кеткен, біраз мәселені тереңінен қозғайды. Сіз бұл туындыдан өзіңіз өмір сүріп отырған ортаны және өзіңізді көресіз.
Бас кейіпкер қарапайым химия пәнінің ұстазы Сайпы елде жоқ жаңалық ашып, пара алғызбайтын дәрі ойлап табады. Мұны естіген аудан орталығындағы әр саланың атқа мінерлері, сең соққандай сенделіп, үлкен әбігерге түседі. Олар неге әбігерленді? Елді елең еткізген сенсацияның соңы немен тынды? Бәрін білгіңіз келсе театрға келіңіз?!
Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: