жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Бір түп алма ағашы"
Драма
Бұл туындыда бір отбасының басынан кешкен тағдыры бейнеленеді. Өмірдің сан түрлі құбылыстары мен қым-қуыт қиындықтарын суреттеген мұңға толы драма. Әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы кереғар пікірлер, адамдар арасындағы араздық, бір анадан туған ағайынды жандардың береке-бірлігінің ыдырауы, уақыт толқынымен қаны бір бауырлардың бір-біріне бөтен боп кетуі сияқты мәселелер шығармаға арқау етілген.
Үлкен киелі қара шаңырақтың ұйытқысы Дәметкен есімді ақ жаулықты ананың басынан өткен қиын тағдыры көрініс береді. Ұл-қыздарының бір шаңырақтың астына жиналып, бір мәмілеге келе алмай, қоғамды мезі еткен мәселелерге шырмалуы, ар мен ұят алдындағы абыройдың құнсыздануы көрініс береді. Қойылым жақсыдан үйреніп жаманнан жиреніп турашыл болуға меңзейді. Қай уақытта болмасын ең алдымен ақиқат айтылатын болса кез-келген қоғамдық, отбасылық күрмеуі қиын жағдайлардың түйіні шешілетінін аңғартады.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы күні бойы тамашалай аласыздар: