жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Ғасырдан да ұзақ күн.Мәңгүрт"
Антиутопиялық драма
«Ғасырдан да ұзақ күн.Мәңгүрт»
(Антиутопиялық драма)
Қоюшы режиссер – Фархадбек Қанафин
Қоюшы суретші – Ибрагим Исенов
Музыкамен көркемдеген – Арман Ищанов
Биін қоюшы – Сәния Ташимова
Қазақ тіліне аударған Шерхан Мұртаза,
Инсценировкасын жасаған Әзірбайжан Мәмбетов)
Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Премьера 2019 жылдың ҚАРАША айының 6,7,10-шы жұлдызы
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Едіге – Қайрат Мырзаболатов – ҚР Мәдениет қайраткері
Үкібала – Ғалия Қорабаева
Еділбай – Ержан Әубакіров
Сәбитжан – Еркебұлан Төлеуов
Айзада – Мақпал Сүлейменова
Найман Ана –Рашида Ғалымова
Жоламан, Мәңгүрт – Асланбек Шайсұлтанов
Әбутәліп – Самат Шаймерденов
Зарипа – Гүлнұр Қожанова
Ревизор, Күйеу – Санжар Ақмағамбетов
Әбілев, Часовой – Манарбек Қыдырбай
Таңсықбаев,– Кәсіп Елеусіз
Солдаттар –Бауыржан Жамшитов, Марат Шакар, Ермұқан Жұмабек, Жомарт Сағындық
Шыңғыс Айтматовтың бұл шығармасында адамзатты алаңдатқан түйткілді мәселелер баяндалады. Бағзыдан қалған қасиетті Сарыөзек өлкесі бұл күнде улы радиацияның кесірінен, адам түгіл аңға тұрақ болмай қу мекенге айналады. Мұнда қалған бірең-сараң пенденің бірі қарт теміржолшы Едіге, өзімен бірге жасасып, өмірдің қызығы мен қиындығын бірге өткізген досы Қазанғапты өз аманаты бойынша «Ана бейітке» жерлемекке ниеттенеді. Өкінішке орай, зор жауапкершілік арқалаған бұл сапарында биліктің жандайшаптарымен қатар тұтас бір мемлекеттік жүйенің қарсылығына ұшырап, шарасыздық құрсауында қалады.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: