жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
Еркіндікті қалаған мысық ONLINE
Анималистикалық философиялық ертегі
Авторы – Джозеф Редьярд Киплинг
Қоюшы режиссері – Болат Абдрахманов
Қоюшы суретші – Иса Ибрагим
Музыкамен сүйемелдеуші – Талғат Серікбай
Қойылымның ұзақтығы – 50 минут
Премьера 2019 жылдың қазан айының 11-ші жұлдызы
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Әйел – актриса Гүлнұр Қожанова
Ер Адам – актёр Бауыржан Жамшитов
Жабайы Мысық – актриса Қарлығаш Абдрахманова
Жабайы Сиыр – актриса Рашида Ғалымова
Жабайы Ит – актёр Марат Шақар
Жабайы Жылқы – актёр Ермахан Жұмабек
«Еркіндікті қалаған мысық» қойылымында ең алғашқы әйел мен ең алғашқы ер адамның қалай тіл табысқаны және бүгінде үй жануары саналатын жабайы хайуандарды қолға қалай үйреткені жайлы баяндалады. Ол жануарлардың адам өміріндегі атқаратын рөлі мен пайдасын ұғындырады. Мәселен сиыр балдай тәтті сүтімен, ит адал достығымен, жылқы көлік құралы ретінде иесіне жағады. Сонымен қатар шытырман оқиғалар арқылы еркіндікті ғана қалайтын мысықтың дара мінез-құлқы көрсетіледі. Ертегі терең пәлсапаға құрылған. Адам пенде болып жаралған соң, барлық дүниеге өзін қожайын сезінеді. Бірақ бәрін бағындыруға дәрменсіз.
Ертегі кішкентай көрермендерді үй жануарларына мейірімділікпен, қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді.
Қойылымдағы әуендердің барлығы жанды дауыста шырқалады.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы күні бойы тамашалай аласыздар: