жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Қадір таңы"
психологиялық драма
"Қадір таңы" психологиялық драма
Қоюшы режиссер – Мұратбек Оспанов - ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері»
Қоюшы суретші – Ирина Лунга
Музыкамен көркемдеген – Арман Ищанов
Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат 15 минут
Райхан Ибраеваның бұл туындысында сан-түрлі тағдырлар тоғысқан. Шығармада мүлде таныс емес бөгде жандар, аз уақыттың ішінде сезім сергелдеңіне түсіп, бір-біріне құлай ғашық болады. Махаббаттың шырмауына түскен олардың көкейіне күдік пен үміт қатар ұялап, өз кедергісін жасап бағады. Бұл қойылымнан ынтызарлықты ғана емес сатқындық пен екі жүзділікті де байқай аласыз. Спектакльге бір қырынан көз салсаңыз бүгінгі қоғамды алаңдатқан жалғыз басты аналар мен жас қыздардың тағдыры баяндалады. Ал тағы бір қырынан қарасаңыз қаракөз қыздарымызды жеңіл жүріске баулитын, ар ұятты аттаған жеңгетайлық мәселесіде ашық айтылады. Кейде сіз ең жақсы танитын, жақын санап жүрген жанның шын мәнінде қандай адам екенін ғұмыр бойы білмей өтуіңіз бек мүмкін. Мында тіпті ол жайлы да сөз болады.
Қойылым арқылы әр пенде өзгенің емес өзінің жүрек қалауын орындаса ғана бар қиындықты жеңетінін түсінесіз. Қадір таңының қалай атқанын көргіңіз келсе театрға асығыңыз!