жаналыктар
-
21.11.2024
20,21,22 қараша
Гастрольдік сапар
-
20.11.2024
Бір ауыз пікір
Серік Жетпісқалиев
-
18.11.2024
ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері
Жарас Қалдаровтың 50 жасына орай
-
13.11.2024
"Мен деп ойла" Дара толғау
Шығармашылық кеш
"Өтірік айтпайтын адам"
трагикомедияҚоюшы режиссер – Мұратбек Үкібайұлы Оспанов - ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері»
Қоюшы суретші – Топанбаева Маймұра
Музыкамен көркемдеген – Арман Ищанов
Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Премьера қыркүйек айының 25-ші жұлдызы
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Гүлжамила – актриса Маржан Бөкешова - ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Ескендір – актер Төлеубек Көңбай - ҚР«Мәдениет қайраткері»
Динара – актриса Жанар Құсайынова - ҚР«Мәдениет қайраткері»
Байжұма – актер Қайрат Мырзаболатов - ҚР «Мәдениет қайраткері»
Назерке – актриса Ғалия Қорабаева
Қызыл костюмді кісі – актер Кәсіп Елеусіз
Қара көзілдірікті кісі – актер Санжар Ақмағанбетов
Отандық драматург С.Балғабаевтың бұл шығармасы қоғамда белең алған жемқорлық, сатқындық, парақорлық сияқты жағымсыз жайыттарды арқау еткен. Бас кейіпкердің бірі Ескендір қарапайым халыққа үй салып берем деп, бар ақшаны алып, өз сыбайластарымен бірге үлескерлерді тақырға отырғызып кетеді. Кейін қылмыстары ашылып сотқа жетіп үстінен іс қозғалады. Тығырыққа тірелген Ескендірдің әйелі Динара ешқашан өтірік айтпайтын, ақшаға алданбайтын Гүлжамила атты шетелдік адвокат іздеп табады. Ақыры тапқан адвокаты Ескендірдің бұрынғы ғашығы боп шығады. Осылайша оқиға ширыға түседі. Автор пьесадағы әр кейіпкердің мінез-құлқы арқылы біздің елде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың қатты белең алғанын меңзейді. Кейіпкерлердің бірі былай дейді: «Қазір Қазақстандағы екі адамның бірі заңгер... адвокат... Бірақ оларға сену қиын. Олардың адалдығы, әділдігі тек белгілі бір жерге дейін ғана...» дейді. Сіз мұнымен келісесіз бе?
Р.S
Динара: ...Білесіз бе, маған ақшаға сатылмайтын, орта жолда басқа біреудің сойылын соғып кетпейтін, ең бастысы өтірік айтпайтын адвокат керек... Мен сізді сол үшін іздегенмін...