жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Макбет"
трагедиясы
"Макбет" трагедиясы
Қоюшы режиссер – Мұратбек Оспанов «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері»
Қоюшы суретші – Ибрагим Иса
Музыкамен көркемдеген – Медет Мұхамедин
Жарық беруші – Қанат Әкімбаев
Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Премьера 2019 жылдың сәуір айының 3,4,7-ші жұлдызы
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Дункан – Жұмабек Ермұқан
Малькольм – Сейфилмаликов Медет
Дональбайн – Егінбек Назар
Макбет – Жамшитов Бауыржан
Банко – Шакар Марат
Макдуф –Сәбит Ақжол
Ленокс – Тілеулес Нұрлыбек
Росс –Нұриманов Ерсайын
Флинс – Талғатбек Мирас
Сейтон – Кенжеболатов Ерсұлтан
Жасақ басы – Болатбек Ақтілек
Қақпашы – Қожантай Нұржан
Леди Макбет – Қасенова Әмина
Бірінші Мыстан –Хасихан Ақерке
Екінші Мыстан – Ахметова Саяжан
Үшінші Мыстан – Жаңбырбай Фариза
Әлем әдебиетінің жауһары болып табылатын бұл шығарма, әйгілі Уильям Шекспирдің қаламынан 400 жыл бұрын туса да, әлі күнге дейін өз құндылығын жоймай күллі әлем сахналарының сәні болып келеді. Негізгі оқиға бас қаһарман Шатландия корольі Макбеттің айналасында өрбиді. Шығармадағы кейіпкерлер тартысы арқылы бақ таластық пен тақ таластықтың, зұлымдық пен сатқындықтың не екенін айқын аңғарасыз. Леди Макбеттің азғыруымен қаңға құмартып, билік пен мансапқа жету жолында ештеңеден де тайынбауға бекінген Макбеттің өмірі немен тынарын білгіңіз келсе театрға асығыңыз!