жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
P.S. Мен сені сағындым... (драма-ностальгия)
драма-ностальгия
Авторы – Александр Володин
Қоюшы режиссері – Болат Абдрахманов
Қоюшы суретші – Иса Ибрагим
Киім үлгілерінің суретшісі – Маймұра Топанбаева
Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат 50 минут
Премьера 2019 жылдың ақпан айының 27-ші жұлдызы
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Катя – Маржан Бөкешова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Митя – Еркебұлан Төлеуов
Ирина – Ғалия Қорабаева
Монтер – Ержан Әубәкіров
Судья – Жанар Құсайынова, ҚР «Мәдениет қайраткері»
Валера әрі Козлов – Санжар Ақмағамбетов
Козлова – Аяулым Сұлтанбек
Миронов – Жомарт Сағындық
Миронова – Мейрамгүл Апсалям
Никулин – Төлеубек Көңбай, ҚР «Мәдениет қайраткері»
Никулина – Әмина Қасенова
Шумилов – Асланбек Шайсұлтанов
Шумилова – Қарлығаш Абдрахманова
Керилашвили – Әсем Серікова
Керилашвили – Қайрат Мырзаболатов, ҚР «Мәдениет қайраткері»
Беляева әрі Лариса Керилашвилидің әпкесі – Гүлнұр Қожанова
Беляев – Кәсіп Елеусіз
Әйел - Рашида Ғалымова
Қойылымның негізгі өзегі, бүгінгі күнде белең алған ерлі-зайыптылардың ажырасу мәселесі. Пьесадағы кейіпкерлер әр түрлі себеппен сотқа шағымданады. Былай алып қарасаң ешқайсысынанда ақ некені аяқ асты етіп, екі бөлек кететіндей бәлендей үлкен мәселе байқамайсыз. Бірақ қырандай қырағы көзбен шолып қарасаңыз, қоғамда қордаланған, көзге көріне бермейтін түйткілді жағдайлар жетерлік екенін аңғара аласыз.
Қойылым барысында, шаңырақты сақтайтын жалғыз нәрсе, махаббат пен парасат екенін түйсінесіз. Махаббат бар жерде мөлдірлік, тазалық шынайылық болары сөзсіз. Олар бар болғаны бір-бірінен жан дүниенің үндестігін іздейді.