жаналыктар
-
21.11.2024
20,21,22 қараша
Гастрольдік сапар
-
20.11.2024
Бір ауыз пікір
Серік Жетпісқалиев
-
18.11.2024
ҚР "Мәдениет қайраткері" театр және актері
Жарас Қалдаровтың 50 жасына орай
-
13.11.2024
"Мен деп ойла" Дара толғау
Шығармашылық кеш
"Турандот ханшайым"
ТрагикомедияКарло Гоццидің «Турандот ханшайым» атты трагикомедиясы
Қойылым авторы италиян жазушысы, драматург, ағартушы - Карло Гоцци. Қазақшаға аударған көрнекті театр режиссері - Марат Сақатов.
Қоюшы режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Мұратбек Оспанов.
Қоюшы-суретшісі: Тургенбаева Акбала
Киім үлгілерінің суретшісі: Топанбаева Маймура
Музыкамен көркемдеген: Медет Мұхамедин
Қойылымның ұзақтығы:
Жанры: Трагикомедия
Қатысушылар:
Турандот – Қытай ханшасы, Алтаумның қызы – Рахметова Жаныл
Алтаум – Қытай императоры – Тулеуов Еркебұлан
Әділма – Татар ханшасы, Турандотты жақсы көретін күңі – Саттарова Ақжібек
Зелима – Турандоттың күңі – Сенбі Гаухар
Скирина – Зелиманың шешесі, Барақтың әйелі – Корабаева Ғалия
Барақ – Хасан деген атпен жүрген, Калафтың бұрынғы ұстазы – Батихан Зүлкәпіл
Калаф – ноғайлықтың ханзадасы, Темірдің баласы – Шаймерденов Самат
Темір – Астарханның патшасы – Аубакиров Ержан
Ысмайыл – Самарқан ханзадасының бұрынғы ұстазы – Тинхан Наурызхан
Панталоне – Алтаумның хатшысы – Касенов Дархан
Тарталья – бас ұлық – Хамзин Медет
Бригелла – паж бастығы – Ташимов Асылбек
Труффальдино – Турандот сарайындагы азбан құлдардың бастығы. Жендет – Шайсұлтанов Асланбек
Қытай Диуанындағы жеті гұлама.
Сарайда қызметкер көп күң.
Азбанқұлдар.
Сарбаздар – театр актерлері
Карло Гоццидің «Туранбике ханшайым» трагикомедиялық спектаклі әлемнің классикалық туындыларының қатарына жататын шығарма. Қойылымның негізгі өрбуі Қытай императорының Туранбике есімді ханшайымы ешбір еркек атаулыны өзінен биік қойғысы келмей әлемнің барлық ханзада, сұлтандарымен тұрмыс құрудан бас тартады. Өзі сұлу, ажарлы, көрікті ханшаның суретін көріп ғашық болып өзіне жар еткісі келген ханзадалар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп әбігерге түсіп, ханшайымның сұрақтарына жауап бере алмағаны үшін сағы сынып, ажал құшады. Тек Калаф есімді ноғайлық ханзада Турандоттың сынақтарынан сүрінбей өтіп әйел затының еркек алдында әлсіз екендігін дәлелдейді.
Бұл қойылым көрермен қауымды әлемдік алтын жауһарлы классикалық туындымен сусындауға шақырады. Тілі ақ өлеңмен жазылған, тілдік шеберлікті талап ететін туынды артистік шеберліктің шыңдалуына үлкен мектеп болары сөзсіз. Спектакльдің тағы бір ерекшелігікілең театр жастарымен жасақтанып, көрермен қауымға ұсынылмақ.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: