жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
Бала кімдікі?!
комедия
Сая Қасымбек - Оңтүстік Қазақстан Облысы Кеңтау қаласының тумасы, «Қазақстанның мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, Жұмат Шанин атындағы онтүстік облыстық академиялық қазақ драма театрының Әдебиет бөлімінде меңгерушісінің қызметін атқарады.
Қоюшы-режиссері - Мұратбек Оспанов «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Қоюшы-суретшісі - Айдана Бейсембаева
Музыкамен көркемдеген - Медет Мұхамедин
Қойылымның ұзақтығы - 1 сағат 20 минут
Жанры - комедия
«Қазір адам өзгерді. Жоқ, қоғам өзгерді...»-деп, ұдайы таласқа түсіп, өзімізді ақтап алуға тырысамыз. Айналып келгенде қоғамдағы барлық бүлік өздігінен болып жатқандай. Әсіресе, ел ішінде тастанды нәресте көбейіп, «жетімдер үйі» жер-жерде ашыла бастауы белең алып барады. Міне бұл комедия күлдіре отырып, осынау шипасы табылмас дерттің дауасын тауып, сіз бен бізге ой салады.
Тұрмыстық комедияның тілі жеңіл, сөзі ойнақы. Оқиға легі бір орында өтетіндіктен барлық қатынасушы актерлер біте қайнасып, бірлесе өнер жасайды. Себебі, сөйлеп тұрған актерден көрі үнсіз тұрған актер әлде қайда жауапкершілікті көп сезінетіні анық.
Қоғамдық батпан қиыншылықтардан бойын тіктеп жүруге дәрмені жетпей, еңсесі түскен естияр көременді бір күлдіріп алсақ деген ниетпен «ХХІ театр маусымын» комедиялық қойылыммен ашпақпыз.
Қойылымды келесі сілтеме арқылы белгіленген күні бойы тамашалай аласыздар: