жаналыктар
-
30.12.2025
Репертуар!
2026 жылғы Қантар айының репертуары
-
30.12.2025
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар.
-
29.12.2025
Инклюзивті балаларға арналған, қайырымдылық акция.
Жаңа жылға арналған "Ғажайып шырша" ертегісі
-
24.12.2025
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
"Ойна!Ойла!" интерактивті ертегі автор және режиссер:А.Сәбит
Халықаралық театр күніне арналған концерт
концертБүгін Ш.Құсайынов атындағы театрда Халықаралық театр күніне орай мерекелік концерт өтті.Ақмола облыстық мəдениет басқармасының басшысы С.Бөрібаева құттықтау лебізін білдіріп, "Жыл актері" номинациясы мен статуэткасын драма актері Шайсұлтанов Асланбек Амангелдіұлына табыстады. Көкшетау қалалық мəдениет бөлімі басшысы А.Сəбитова "Жыл актрисасы" номинациясы мен статуэткасын драма актрисасы Апсалям Мейрамгүл Төреханқызына табыс етті.Кеш барысында ҚР халық артисі Жібек Бағысова "Көрермен көзəйімі" номинациясын драма актрисасы Маржан Бөкешова мен драма актері Медет Хамзинге табыс етті."Ең үздік шығармашылық қызметкер" номинациясы суретші-безендіруші Серік Тухбайға табыс етілді."Театрдың үздік қызметкері " номинациясы костюмер Бурибаева Нүргүлге, "Театрға қосқан үлесі үшін" номинациясы тігін цехының меңгерушісі Бекентаева Ботагөзге табыс етілді.Облыстық жəне қалалық музей басшылары Құдайберлі Мырзабек, Кенжебай Мұқышев,Нұрбек Нұралин мырзалар құттықтау лебіздерін білдіріп, əн мен өлеңнің тиегін ағытты.ОХШО басшысы Байжол Шахманов мерекемен құттықтап, ақын Мерген Тоқсанбай жазған жыр өрнегін орталық қызметкерлері нақышына келтіріп орындап, ағайынды Мағауиндердің əн шашуымен көмкерілді.Ақмола облыстық орыс драма театрынан келген əріптестер жүрекжарды лебіздерін білдіріп, əн арнады.Біржан Сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің басшысы Саян Мұхамедияр ұжымды құттықтап, колледж шəкірттерінен жасақталған оркестр əн мен күйден шашу шашты.Театр актерлары мен режиссерлар əуелете əн шырқап, көңілді сықақтармен көрерменді күлкіге бөледі.Мереке құтты болсын, сахнагер қауым!