жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Тор"
психологиялық драма
Авторы – Владимир Коняев
Қоюшы режиссёрі – Мұратбек Оспанов ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Аударған - Серік Жетпісқалиев
Қоюшы суретшісі – Айдана Бисембаева
Костюмдер бойынша суретші – Маймура Топанбаева
Режиссердің ассистенті – Медет Хамзин
Жанры – психологиялық драма
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Премьера – 15.02. 2017.
Рольдерді орындаушылар төмендегі құрамда белгіленсін:
А.Сергеевна – Маржан Букешова
Ю.Павлович – 3үлкәпіл Батихан
Қышқыл – Дархан Касенов
Бекас – Медет Хамзин
Ине – Гүлнұр Қожанова
Бикса – Ақмарал Жайлауова
«Тор» психологиялық драмасы ой-сананың құрдымға кету көрінісін бейнелейді. Пьесаның кейіпкерлері – әр түрлі жастағы, тағдырлары сан-килы адамдар. Әлеуметтік дәрежелері де бірдей емес. Барлығы да бір торға қамалған, бірақ оларды байланыстырып тұрған бір мәселе – нашақорлық.
Пьеса жасөспірімдер мен жастар аудиториясына арналып жазылған. Бұнда жастардың сленг тілі жиі қолданылады.
Пьеса желісі мәселені ашық әрі тура мағынада, еш бүркемесіз, тасалаусыз анық көрсетеді. Қарапайым және айқын түрде ойналады. Үлкен торға түскен әр қатысушы шын мәнісінде – жан тапсырған адам. Тор – әр кейіпкердің өмірі қарастырылатын ғарасат майданы не қамау іспетті.
Ерте ме, кеш пе, қай дүниеде болмасын ешбір жан күнәсінан айығудан қашып құтыла алмас. Ең бастысы – тәубеге келу...