жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Қорқыт ата"
ертегі ONLINE
Авторы – Рагим Мұсаев
Қоюшы режиссер – Болат Абдрахманов
Қазақ тіліне аударған – Серік Жетпісқалиев
Қоюшы суретші – Маймұра Топанбаева
Әуенін құрастырған – Арман Ищанов
Вокал бойынша концертмейстер – Сәуле Мұстафина
Би қоюшы – Сәния Тәшімова
Қойылым ұзақтығы – 50 минут
Премьерасы 2016 жылдың қараша айының 11 жұлдызы
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Қорқыт ата, аңызшы – Еркебұлан Төлеуов
Бейрек, батыр – Ержан Әубәкіров
Банушешек, оның сүйіктісі – Әсем Серікова
Алаяқ, оның дұшпаны – Асылбек Ташимов
Төбекөз, жалғыз көзді дәу-адам жегіш – Кәсіп
Жылан, өлім – Баршагүл Малғаждарова
Ақ шұлан, күннен жаралған түп-ана – Назерке Ерікқызы
Бұқа – Кәсіп Елеусіз
Көпшілік сахнада – Сәния Тәшімова, Гауһар Сенбі
«Қорқыт Ата ертегісі» аты ертегі болғаны мен идеялық қуаты, көздеген мұраты ықылым заманнан бері мәні мен мазмұны жойылмаған мен адам бойындағы сан алуан мінез құлықты тайға таңба басқандай көрсете отырып ішкі жан дүниедегі сұлулықпен сырбаздықты, қорқаулық пен зұлымдықты астастыра отырып саралайтын шығарма. Ілкі заманда жарық дүниеге есігін ашқан нәрестенің атын бірден қоймайды екен. Ат жалын тартып мінер жасқа жеткенде, қоғамдағы орыны, іс-әрекеті, мінез құлқы, парасат пайымына орай өз пешенесіне шақтап, өлшенген ат берілмек. Зайыры атына қарап әркімнің деңгейін, кім екендігін жаза баспай тануға болады.
Ертегідегі Бейрек батыр мен оның сүіктісі Банушешек, ата жауы Алаяқтың, жалғыз көзді адамжегіш Төбекөздің, жыланның және басқа да кейіпкерлердің арасында өрбейтін шым-шытырық оқиғалардың желісі арқылы әр кейіпкердің болмыс бітімін айна қатесіз танып білесіз. Бұлардың атын Қорқыт Ата қойған.
Бүгінгі заманда да әркім өз атын, абыройын қадірлей білу керек дейтұғын сырды себезгілейтін шығарма балалар мен жасөспірімдерге арналған.
Қойылымды белгіленген күні бойы келесі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: