жаналыктар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
-
07.09.2026
Отбасы және Қазақстан халқы тілдер күндеріне орай
«Мейірім шуағын сыйлайық» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
-
25.08.2026
«Мейірім шуағы» атты қайрымдылық концерттік бағдарлама
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде өтті
"Алдамшы үміт"
драма
Авторы – Қолғанат Мұрат
Қоюшы-режиссёрі – Фархадбек Қанафин
Қоюшы-суретшісі – Ләйлә Набиева
Жанры –драма
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат
Премьера – 12.10. 2016.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Айша апа – Жанар Құсайынова «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Зафура Арзымбетова «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Ботагөз – Баршагүл Малғаждарова
Өгей ұл – Еркебұлан Төлеуов
Көрші әйел – Айна Жүнісова «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері
Серік – Асылбек Ташимов
Фирма қызметкерлері – Ержан Аубакиров, Асланбек Шайсұлтанов
Арнайы жасақ сарбаздары - Ержан Аубакиров, Асланбек Шайсұлтанов, Самат Шаймерденов, Санжар Ақмағамбетов
«Алдамшы үміт» бүгінгі күннің тынысын, замандастарымыздың бейнесін, көңіл көкіректеріндегі мақсат мұратты, ой арманды айшықтайтын қойылым. Жаманнан жирендіре отырып жақсылыққа жетелейді. Айтседе үміт аз, күдік көп. Кейбір адамдардың жандүниесін материалдық игілікке деген құштарлық жаулап алған. Оған жету үшін небір адамгершілік қағидаттары мен қабыспайтын қадамға да ойланбай бара береді. Көз түгілі көңілді де, жанар түгілі жүректі де арбаған қызылды жасылды байлықтың лебі адал жолдан тайдырған адамдардың іс-әрекетін көріп толайым түңіліп кетпесеңіз де санаңызда бір әсердің қалауы даусыз.
Аталмыш шығарма адал жүректі уақыт пен замананың тозаңынан ашып алуға бағытталған. Мәңгілік майдан да осы, мәні де сонда.